Денис Тен «Trophée de France» турнирінде күміс медаль алды
Қазақстандық спортшы кеше өткен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 89,21 ұпаймен үшінші орынға табан тіреген еді. Еркін бағдарламада Денис 180.05 ұпай жинады. Нәтижесінде қоссайыс бойынша 269,26 ұпаймен күміс медальды қанағат тұтты. Алтын медаль испаниялық спортшы Хавьер Фернандеске бұйырды. Ол қоссайыста 285,38 ұпай жинады. Қола медальды 267,53 ұпай иеленген АҚШ спортшысы Адам Риппон иеленді.
Айта кетейік, бұл күндері қазақстандық спортшының ресейлік маман Николай Морозов жаттықтырып жүр.