Денис Тен Icechallenge турнирінде жеңіске жетті
20 жасар қазақстандық спортшы өнер көрсеткен бағдарламасы үшін 173,19 ұпайға ие болып, қарсыластарынан бірнеше ұпайға ұзап кете алды. Күміс алқаны айдын қожайыны Виктор Пфейфер иеленді. Ол жарыс қорытындысы бойынша 134,09 ұпай көрсеткішін тіркеді. Ал үшінші орын 131, 87 ұпай алған дат спортшысы Юстус Стридке бұйырды.
Осылайша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өзі қатысқан екінші турнирде де топ жарып отыр. Осыған дейін ол Италиядағы жарыста алтыннан алқа тағынған еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: kk.convdocs.org