Денис Черышевтің әкесі «Ертісті» жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент

Клуб басшылығы жаңа бапкерді ресми түрде таныстырды. Келісімшарт мерзімі екі жылға жоспарланған. Қазіргі таңда павлодарлық клуб премьер-лиганың турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Айта кетейік, ресейлік футбол маманы кезінде Ресей ұлттық құрамасына шақырту алған. Ал бапкерлік қызметін 2003 жылы Испанияның аса танымал емес клубтарының бірі «Аранхуэсте» бастаған. Одан кейін 4 жыл көлемінде мадридтік «Реалдың» балалар академиясында қызмет атқарған. Сонымен қатар, «Волга» командасында да қызметте болған, және соңғы рет «Зениттің» жастар командасын жаттықтырған.  Тағы бір айта кететіні, Дмитрий Черышев мадридтік «Реал» «Вильярреалға» жалға берген Денис Черышевтің әкесі.

«Ертіс» 1 қараша күні ХХХІ тур ойындары аясында «Таразда» қонақта болады. 

Сурет: sport.nur.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама