Давид Лемье: 17 қазанда бәрі сескенетін жаңа боксшы пайда болады

Жасұлан Исакаев Корреспондент
Фото ©️ kaztv.kaztrk.kz

Головкин алдағы бойдың фавориті саналып отыр, алайда Лемье бұл жекпе-жекте жеңімпаз болатынын тағы бір мәрте айтып, уәде берді. "Айттым ғой, кімге қарсы шығатыныма байланысты емес, - деді Лемье. - Мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді және Геннадий Головкин орта салмақта үздік. Геннадий Головкин бокстағы ең қауіпті адам шығар, бірақ 17 қазанда бәрі сескенетін жаңа жекпе-жекші пайда болады. Екі күшті панчер рингке шығады, қан, отшашу болады және мен жеңімпаз болатыныма сенімдімін".

Ал осының алдында канадалық боксшы қазақстандықты сегізінші раундта нокаутқа түсіретінін мәлімдеген болатын. "Мен GGG-ді сегізінші раундта нокаутқа жіберемін. Бұл туралы бәріне айтуларыңызға болады. Мен бокс тарихына өз атымды енгізгім келеді, мені бүкіл әлем білгенін қалаймын", - деді Лемье.

Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама