Дәурен Елеусіновтың алғашқы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент

Дәурен Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусіновтың ағасы. Әуесқой бокста 2001 жылы ел біріншілігінде алғаш рет шаршы алаңға көтерілген. Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде халықаралық және құрлықтық жарыстардан иеленген бірнеше атақтары бар. Сондай-ақ, 2005 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2009 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған.

Кәсіпқой боксқа жаңа ауысқан Дәуренмен жұдырықтасатын Энтони Мэдден осы уақытқа дейін жеті кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетсе, бір кездесуінде жеңіліп, бір кездесуінде қарсыласымен тең аяқтаған. Жекпе-жек АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «BB King Blues Club & Grill» деп аталатын спорт кешінінде өтеді. Жұдырықтасу жүйе бойынша 4 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, бұл бокс кешінде Дәурен мен 21 жастағы Энтониден өзге 6 кездесу өтеді. Барлық кездесулер боксшылардың рейтингтегі жағдайын жақсарту үшін ұйымдастырылып отыр. Бір кездесуде әйелдер арасында Хизер Харди (11 жеңіс) мен Элизабет Андерсон (3 жеңіс, 5 жеңіліс) жұдырықтасады.

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама