Дәурен Елеусінов 8 шілде күні шаршы алаңға шығады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Дәуреннің қарсыласы атанған Генри Бэкфорд осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 4 кездесу өткізіп, оның 2 кездесуінде жеңіске жетсе, 2 кездесуінде жеңіліп қалған. Ал Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы 2 кездесуін де мезгілінен бұрын аяқтаған. Соңғы рет АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарайтын Воллей Фордж қаласында америкалық Эдди Тигсті ұтқан болатын.

Дәурен Елеусінов пен Генри Бэкфорд арасындағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласындағы "BB King Blues Club & Grill" (Манхэттен) спорт кешенінде өтеді. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Отандасымыз үлкен рингтегі кездесуін осы шаршы алаңда бастаған-ды.

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусіновтың ағасы. Әуесқой бокста 2001 жылы ел біріншілігінде алғаш рет шаршы алаңға көтерілген. Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде халықаралық және құрлықтық жарыстардан иеленген бірнеше атақтары бар. Сондай-ақ, 2005 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2009 жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама