Дәулет Тұрлыханов атындағы дәстүрлі турнир мәресіне жетті
Жарысты ұйымдастырушылар ардагер бапкерлер мен спортшыларды да назардан тыс қалдырмаған. Ашылу салтанаты барысында ел спортының дамуына елеулі үлес қосқан бапкерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Олардың қатарында Вадим Псарев, Владимир Угренинов, Марат Косубаев, Бауыржан Жидебаев, Ақжолтай Етекбаев, Маркс Кизикенов, Есенгелді Медеуов, Аманжол Бұғыбаев, Владимир Матвиенко, Әнуарбек Сұлтанов, Владимир Кошелев және Май Хван т.б. бар.
Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге тарта балуандар қатысты. 10 салмақ дәрежесі бойынша белдескен грек-рим күресі шеберлерінің өнерін тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропадағы жарыстарда топ жарған, Олимпиада чемпионы беларус Камандар Маджидов, Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпазы Ким Ен Нам сынды саңлақ спортшылар да арнайы келіп тамашалады.
- Дәулет Тұрлыханов атындағы дәстүрлі турнир жыл сайын жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде ел абыройын асқақтатып жүрген көптеген спортшылар – осы жарыстан түлеп ұшты. Дәулет Болатұлы күресті жанындай жақсы көреді. Сондықтан да, елімізде және шетелдерде күрестің дамуына үлкен септігін тигізіп келеді. Мен Дәулет Тұрлыхановқа зор денсаулық, ісіне табыс тілеймін. Ал турнирдің болашағы жарқын бола берсін, - деді Жақсылық Үшкемпіров.
Дәулет Тұрлыханов атындағы турнир жеңімпаздары:
42 келі: 1. Алпамыс Достанбек (СҚО), 2. Нұрбахыт Азилхан (Қызылорда облысы), 3. Рахымжан Рысалиев (ОҚО) және Халис Ражабов (Х. Аққалиев спорт мектебі)
46 келі: 1. Тілек Әсембаев (Ақтөбе), 2. Мақсат Табынов (Қарағанды), 3. Бостандық Далабаев (Маңғыстау облысы) және Бақдаулет Абсадыков (спорт-школа им. Ж. Үшкемпіров спорт мектебі)
50 келі: 1. Дияс Күрсебай («Даулет-Жаркент» спорт мектебі), 2. Марлан Мұқашев (Алматы облысы), 3. Нұрболат Темірбаев (Ақтөбе облысы) және Алмас Тұрсынов (Алматы)
54 келі: 1. Арслан Абдурахманов (Алматы облысы), 2. Ғалым Қабдунасыров («Даулет-Жаркент» спорт мектебі), 3. Ақжол Тұяқов (СҚО) және Бекарыс Сабыр (ОҚО)
58 келі: 1. Мадияр Мальтекбаев (ШҚО), 2. Джохар Гучигов (Қостанай облысы), 3. Әділбек Мақсатов (Маңғыстау облысы) және Дияс Қален («Даулет-Жаркент» спорт мектебі)
63 келі: 1. Мерей Бекенов (ШҚО), 2. Эли Магомадов (СҚО), 3. Расул Батаев (Қызылорда облысы) және Ғаламат Саматов (Атырау облысы)
69 келі: 1. Даулет Нысамбаев (ШҚО), 2. Дияр Кульшманов (Қостанай облысы), 3. Мұрат Байрамов (Алматы) және Айбек Унтупов (Астана)
76 келі: 1. Бағдат Үсен (Қызылорда облысы), 2. Иван Дорохин (Қостанай облысы), 3. Мейрамбек Қордабай (Жамбыл облысы) және Бахтияр Болатов (Ақмола облысы)
85 келі: 1. Санжар Темірбек (Алматы облысы), 2. Евгений Горбузняк (СҚО), 3. Максим Оберемко (Қостанай облысы) және Мұхамед Аманжолов (Қарағанды облысы)
100 келі: 1. Антон Савенко (Павлодар облысы), 2. Исламбек Сауырбаев (ОҚО), 3. Егор Чжин (Қостанай облысы) және Никита Кучер (Ақмола облысы)
Сурет: db-turlykhanov.kz
Ұқсас жазбалар
Грек-рим күресінен Дәулет Тұрлыханов атындағы дәстүрлі турнир өтеді