Дастан Ықыбаев бірінші айналымнан аса алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ confederation.kz

Бүгін ерлер арасында 73 келіге дейінгі, ал әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталады. Әйелдер арасында қазақстандық спортшы жоқ болса, ерлер бәсекесінде Дастан Ықыбаев қана белдесуге шыққан болатын. Отандасымыз чех спортшысына иппонмен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жарыстың үшінші күні де жүлдесіз қалды. Кеше Елдос Жұмақанов бесінші орынды місе тұтқан еді.

Екі күн қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы бірінші орында келеді. Олардың еншісінде 1 алтын 1 күміс 2 қола жүлде бар. Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын 1 күміс медаль және бір 5-ші орын нәтижесімен екінші орында тұр. Үштікті әзірге Оңтүстік Корея құрамасы (1 алтын, 2 қола) түйіндеуде.     Nation     1stplace         2ndplace         3rdplace         5thplace         7thplace      1. Japan (JPN) 1 1 2 0 0 2. Kazakhstan (KAZ) 1 1 0 1 0 3. Korea, South (KOR) 1 0 2 0 1 4. Argentina (ARG) 1 0 0 0 0 5. Romania (ROU) 0 1 0 0 1 5. Russia (RUS) 0 1 0 0 1 7. Brazil (BRA) 0 0 1 2 0 8. Uzbekistan (UZB) 0 0 1 0 1 9. Belarus (BLR) 0 0 1 0 0 9. Israel (ISR) 0 0 1 0 0 11. Mongolia (MGL) 0 0 0 2 1 12. Italy (ITA) 0 0 0 1 1 13. Turkmenistan (TKM) 0 0 0 1 0 13. Ukraine (UKR) 0 0 0 1 0 15. Germany (GER) 0 0 0 0 1 15. Hungary (HUN) 0 0 0 0 1


Айта кетейік, Рио Олимпиадасына лицензиялық ұпайлар тарататын әлем чемпионатына 137 елдің спортшылары қатысуда. Барлығы 823 спортшы (495 ер, 328 қыз) бақ сынап, жеңімпаздарды анықтауда. Дүбірлі дода 30 тамызға дейін жалғасады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама