Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Matchroom

- Жекпе-жек 15 наурызға жоспарланған. Қарсыласы әзірге белгісіз. Данияр келесі апта жаттығу жұмыстарына дендеп кірісу үшін АҚШ-қа аттанады, - дейді боксшының менеджері.

Жекпе-жек қандай жүйеде өтетіні жақын күндері анықталмақ. Данияр қатысатын Филадельфиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ирландиялық боксшы қыз Кэти Тейлор шығады. Ол чемпиондық жекпе-жекте бразилиялық Роус Волантемен (14-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа 2018 жылдың наурыз айында біржола ауысты. Одан бергі аралықта 5 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жетті.

Соңғы рет Монакода никарагуалық боксшы Маркос Мохиконы нокаутпен жеңді.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама