Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионыДанияр Елеусіновкәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады. Нью-Йоркте өткен алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшыНоа Кидтінокаутпен жеңді. Жартылай орта салмақта жұдырықтасқан боксшылардың жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған еді. Данияр қарсыласын 3 раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп шықты. 22 жастағы Ноа Кид кәсіпқой бокстағы мансабында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін 4 жекпе-жек өткізіп, 3 рет жеңіске жеткен. 1 кездесуін тең аяқтаған. Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутерЭдди Хирнменүшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңдаЭдди Хирнбасқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына иеЭнтони Джошуабар. Сондай-ақ британдық промоутерРайан Барнетт(18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF),Джейми Макдоннелл(29-2-1, 13 КО) (WBA),Халид Яфай(23-0, 14 КО) (WBA Super),Келл Брук(37-2, 26 КО),Дэниэл Джейкобс(33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды. Данияр Елеусінов шаршы алаңға шыққан бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық боксшыДэниель Джейкобспен полякМацей Сулецкийжұдырықтасады.