Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықпен жұдырықтасады

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Бокс кеші Hulu Theather кешенінде өтеді. Басты жекпе-жекте бірінші жеңіл салмақтағы боксшылар Девин Хэйни (22-0, 14 КО) пен Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) кездеседі. Олар WBC чемпиондық атағы үшін айқасады. Бұл туралы Matchroom компаниясы ресми хабарлады.

FIGHT ADDED ???? 2016 Olympic gold medalist Daniyar Yeleussinov (7-0, 3 KOs) heads to NYC to feature on a blockbuster night at @HuluTheaterMSG, facing Reshard Hicks ???? #HaneyNYC #YeleussinovHicks pic.twitter.com/e8aw9FdPqw — Matchroom Boxing (@MatchroomBoxing) 20 августа 2019 г.

Данияр мен Хикс арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Америкалық боксшы кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізген. Оның 12-де жеңіске жеткен. 6 жекпе-жегінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтқан. 1 мәоте жеңілістің кермек дәмін татқан.

Қазақстандық боксшы болса кәсіпқой боксшы жеті жекпе-жек өткізіп үлгерді. Барлығында қарсыластарын айқын ұтып келеді. Сондай-ақ Оскарға қарсы алғаш рет он раундтық жекпе-жекке шықпақ.

*Данияр Елеусінов – 28 жасар қазақстандық боксшы, кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Кездесуде боксшы америкалық Ноа Киддті үшінші раундта нокаутқа жіберді. Соңғы жекпе-жегінде  чилилік  Луис Норамбуэнамен (3-1-1, 2 КО)кездесіп,  төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама