Данияр Елеусінов Азияның ең үздік боксшысы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ google.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасы бойынша да Азияның үздік боксшысы белгілі болды. Бұл марапат та қазақ боксшысына бұйырды. Асланбек Шымбергенов үздіктер көшін бастады. Өзге марапат иелері төмендегідей:

2016 жылдың үздік Азия боксшысы - Данияр Елеусінов (Қазақстан);

Азияның ең үздік боксшы қызы – Инь Жинхуа (Қытай);

2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) - Хаято Цуцуми (Жапония);

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (жастар) - Пан Сумей (Қытай);

2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) - Кристиан Питт Лорент (Филиппин);

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік Азия боксшысы (юниор) - Ю Лисай (Қытай);

2016 жылдың Азияның үздік APB боксшысы - Жасурбек Латипов (Өзбекстан);

2016 жылдың Азияның үздік WSB боксшысы - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан);

Жыл жаңалығы - Шахрам Гиясов (Өзбекстан);

2016 жылдың үздік Азия бапкері - Патрицио Гаспи (Филиппин);

2016 жылдың үздік Азия супервайзері - Карина Пиксон (Филиппин);

Азияның үздік техникалық делегаты - Билли Вонг (Макао);

Азияның үздік төрешісі - Джинжинг Жанг (Қытай);

2016 жылдың Азия үздік ұлттық федерациясы - Қазақстан бокс федерациясы.

Айта кетейік, осыған дейін Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жылдың үздік боксшысы ретінде өзбек Хасанбой Дусматовты таныған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама