Данияр Елеусінов 60 жекпе-жек өткізген боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ tengrinews.kz

Данияр Елеусінов Филадельфиядағы бокс кешінде мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) кездесетіні жайлы хабарланған. Кейіннен бұл боксшы Даниярмен емес, қазақстандық өзге боксшы Батыр Жүкембаевпен (14-0, 12 КО) жұдырықтасуды жөн санаған. Бұл боксшылардың шаршы алаңдағы шайқасы 16 наурыз күні Монреальда өтеді.

Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық боксшының 36 жастағы қарсыласы тәжірибелі боксшылардың бірі. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Екі боксшы жұдырықтасатын бокс кешінде Геннадий Головкиннің қарсыласы болған Габриэль Росадо да жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Кэти Тэйлор шаршы алаңға шығады.

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа 2018 жылдың наурыз айында біржола ауысты. Одан бергі аралықта 5 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жетті.

Соңғы рет Монакода никарагуалық боксшы Маркос Мохиконы нокаутпен жеңді.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама