Дания - Қазақстан ойынына Израиль төрешілері қазылық жасайды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Sportbox.ru

Бас төрешіге Дэнни Красиков пен Ниссан Давиди көмектеседі. Қосалқы төреші қызметін Орел Гринфилд атқарады.

Бас төреші Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасының ойындары, Әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына төрелік еткен. 

Сонымен қатар, Алон Йефет қазақстандық жанкүйерлерге «Астана» - «ХИК» кездесуі арқылы танымал. 2015/2016 жылғы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде елордалық футболшылар өз алаңында фин клубын 4:3 есебімен ұтқан болатын.

Еске сала кетейік, Дания - Қазақстан кездесуі 11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні Копенгагенде өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 01:45-те басталады. «Қазақстан»  және  «KazSport» телеарналары ойынды тікелей эфирден көрсетеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама