"Дакар-2014" раллиінде қазақстандық көлік өртеніп кетті

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Аталған жігіттер басқарған 368-ші нөмірмен жарыс жолына шыққан Proto Overdrive атты жол талғамайтын көлігі екінші кезең барысында толығымен өртеніп кеткен. Абырой болғанда спортшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.  

Айта кетейік, автошабандоздар екінші кезеңде Сан-Луис пен Сан-Рафаэль мекендерінің арасын жалғаған болатын. 798 шақырымға созылған бөліктің 433-і жүріп өтуі қиын жолдар болды.   

Естеріңізге салсақ, еліміздің атынан "Дакар-2014" ралли-марафонына барлығы төрт экипаж қатысып жатыр: үшеуі жол талғамайтын көліктер классында болса, біреуі жүк көліктер жарысында. Екінші кезең қорытындысы бойынша Айдын Рахимбаев пен Владимир Демьяненко 31-ші, ал Денис Березовский мен Игнат Фальков экипажы 66-шы болып келді. Жүк көліктер жарысында Артур Ардавичус, Алексей Никижев және Радим Капланек 26 орынға табан тіреді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама