Дағыстандық азамат МакГрегорға бөтелке лақтырды

Аслан Қажиев Корреспондент
Фото ©️ Informtime

Журналистердің бірі спортшыдан Хабибпен өткен кездесу алдында не себепті барлық дағыстандықтарға тіл тигізгенін сұрады. "Сонда барлық дағыстандықтарды қорқақ деп ойлайсыз ба?" деген сұраққа Конор "иә" деп жауап берген. Осы сәтте залдағы адамдар арасынан спортшыға бөтелке лақтырылды. Дегенмен бөтелке Конорға дөп тиген жоқ. Бұл әрекеттен кейін қауіпсіздік қызметі дағыстандық азаматты залдан алып кетті.

24 қазан күні өткен пресс-конференция кезінде де МакГрегор дағыстандықтар тарапына ауыр сөздер айтып, есесі кеткен қарсыласының жерлестерін балағаттаған еді. Бұған намыстанған дағыстандықтар Конордың Мәскеудегі тұрақтаған қонақүйінің алдына жиылып, біраз шу шығарды. Қазіргі уақытта қонақүй толығымен күзетілуде.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама