Черчесов “Сен қазір французша сөйлеп жатсың ба?“ деген әзілі үшін жазаланды ма?

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматыдағы Словениямен ойыннан кейін ресейлік маман "қалжыңдамақ болған". Журналистердің бірі сұрақты қазақша қойды, ал Черчесов: "Сен қазір французша сөйлеп жатсың ба?" деп қарсыласты.

Бәрменқұлов Черчесовке мемлекеттік тілді құрметтеудің маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаттықтырушыға айыппұл салынғанын айтты.

"Қателік кетті, біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтің әзілі, әрине, шектен шықты. Онымен жеке сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгімелесіп, жұмыс істедік. Оған айыппұл салынды, - деді Бәрменқұлов.

Айта кетейік, Черчесовтің жетекшілігімен ұлттық құрама төрт кездесу өткізіп, оның біреуі тең аяқталып, үшеуінде жалпы 0:8 есебімен жеңілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама