Чемпиондар лигасы."Шахтер" ел намысын қорғайды

О Сансызбай Корреспондент

Виктор Кумыков шәкірттері «Скендербеуді» айналып өтсе, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығады. Егер плей-оффта ұтылып жатса да, қазақ футболының тарихында жаңа бет ашылары сөзсіз. Өйткені, Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Мұндай мүмкіндікті қос ұжым да жібермеуге тырысары хақ.

- Әрине, бұл ойында «Шахтер» аз да болса фаворит. «Шахтер» көбіне жабық ойнайды. Физикалық тұрғыдан мықты. Біздің де мықты тұстарымыз бар. Келесі кезеңге шығуға екі команданың да мүмкіндігі тең – деді албан чемпиондарының бас бапкері Мирель Йос. Ал Виктор Кумыков те шәкірттерінің кездесуге дайын екендіктерін мәлімдеді:

- «Шахтер» ойынға толық дайын. Алғашқы ойында барлығын шешіп тастауға мүмкіндік аз. Біз өзімізді фаворит деп санамаймыз. Бірақ жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасамақпыз».

Көптеген букмекерлік орталықтар «Шахтерды» кездесудегі фаворит санауда. «Кеншілер» командасының жеңісіне 1.56, тең ойынға 3.83, ал «Скендербеу» жеңісіне 6.06 коэфициент беруде. Сонымен қатар 4000-нан астам қарағандылық жанкүйерлер 20 автобуспен Астанаға жол тартып, сүйікті командасына қолдау көрсетпек. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

«Шахтер» мен «Скендербеу» арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. «Қазақстан» және жақында ғана жаңадан ашылған «KazSport» арналарынан кездесуді тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: shahter.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама