Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды
Ал жаңа ғана УЕФА шешімімен плей-офф кезеңіне жолдама алған шотландиялық «Селтик» словениялық «Мариборға» қарсылас атанды.
Чемпиондар жолы
«Марибор» (Словения) – «Селтик» (Шотландия)
«Зальцбург» (Австрия) – «Мальме» (Швеция)
«Ольборг» (Дания) – «Апоэль» (Кипр)
«Стяуа» (Румыния) – «Лудогорец» (Болгария)
«Слован» (Словакия) - «Батэ» (Беларуссия)
Лига өкілдері жолы
«Бешикташ» (Түркия) – «Арсенал» (Англия)
«Стандард» (Бельгия) – «Зенит» (Ресей)
«Копенгаген» (Дания) – «Байер» (Германия)
«Лилль» (Франция) – «Порту» (Португалия)
«Наполи» (Италия) – «Атлетик» (Испания)
Топтық кезеңге шығу үшін өтетін командалар арасындағы алғашқы кездесулер 19-20 тамыз күндері өтсе, қарымта кездесулер 26-27 тамызға жоспарланған. Ал санаулы минуттардан кейін Еуропа лигасының жеребесі тартылады. Ел намысын қорғайтын «Астана» мен «Ақтөбенің» қарсыластарын анықтайтын боламыз.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com