Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалында бір-бірімен кездесетін командалар белгілі болды. Дүбірлі доп додасының жеребе тастау рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Салтанатты шараға 2004 жылғы Алтын доп иегері Андрей Шевченко қатысты. Ширек финалдағы жеребе нәтижесі төмендегідей: Барселона (Испания) - Рома (Италия);Севилья (Испания) - Бавария (Германия);Ювентус (Италия) - Реал (Испания);Ливерпуль (Англия) - Манчестер Сити (Англия). Командалар арасындағы алғашқы ойындар 3-4 сәуір аралығында өтеді. Қарымта кездесу бір аптадан кейін өтеді. 2018 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Киевте өтеді.