Чемпиондар Лигасы. Шешуші кездесулер алдында...

О Сансызбай Корреспондент

«Н» тобы

«Милан» (Италия) – «Аякс» (Голландия)

Бұл топтан каталондық «Барселона» плей-оффқа жолдама алып үлгерген-ді. Ал екінші жолдаманы бүгін «Милан» мен «Аякс» сарапқа салады. Жеңгені – Чемпиондар Лигасы, жеңілгені-Еуропа Лигасында өнер көрсетеді. Командалар арасындағы алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. Ойынға миландықтар сапынан Робиньо, Салли Мунтари, Джампаоло Паццини, Иньяцио Абате, Кристиан Дзаккардо, Маттиас Сильвестре және Марко Амелия қатыса алмайды. Ал қонақтар қатарынан Колбейн Сигторссон, Сим де Йонг және Николай Бойлесен алаңға шықпайды.

Кездесу алдындағы командалар құрамы:

Милан: Аббьятти — Бонера, Мексес, Сапата, Эмануэльсон — де Йонг, Монтоливо, Поли — Кака, Бирса, Балотелли.
Аякс: Силессен — ван Рейн, Мойсандер, Денсвил, Лигеон — Сереро, Блинд, Клаассен — Фишер, Хусен, Шоне.

«Барселона» (Испания) – «Селтик» (Шотландия)

Мессисіз «Барселона» халі бір тығырыққа тірелгендей. Ла-Лигада «Атлетико» мен «Реал» команданы өкшелеп-ақ келеді. Каталондық ұжым «Аякс» пен «Атлетикке» кеткен есені бүгін қайтаруы мүмкін. Ал еліміздің «Шахтер» клубын Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде сүріндірген «Селтик» үшін маусымның соңғы ойыны. Топта небәрі 3 ұпай ғана қол жеткізді. Футбол мамандары кездесу 2:0 есебімен Херардо Мартино командасына шешіледі деп болжауда.

Кездесу алдындағы командалар құрамы:

"Барселона": Пинту, Дани Алвес, Пике, Пуйоль, Адриану, Бускетс, Хави, Иньеста, Педро, Алексис Санчес, Неймар.

"Селтик": Фостер, Исагирре, Малгрю, Лустиг, Эмброуз, Ван Дейк, Браун, Ледли, Коммонс, Пукки, Стоукс.

«G» тобы

«Атлетико» (Испания) – «Порту» (Португалия)

Испан ұжымы топтың нағыз фаворитіне сай өнер көрсетті. Келесі кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алды. Ал екінші жүлде бүгін «Порту» немесе «Зенитке» бұйыруы тиіс. Екі команда да сырт алаңда өнер көрсетеді. Әсіресе португалдық ұжымға оңай соқпайтындай. Пауло Фонсека командасына жеңіс керек. Тең нәтиже де қанағаттандырмайды. Сондықтан қонақтар барын салуы тиіс.

Кездесу алдындағы командалар құрамы:

"Атлетико": Куртуа, Годин, Филипе Луис, Хуанфран, Миранда, Тьягу, Рауль Гарсия, Арда Туран, Габи, Вилья, Баптистан.

"Порту": Элтон, Данило, Мангала, Алекс Сандро, Отаменди, Лучо, Жозуэ, Фернандо, Дефур, Мартинес, Варела.

«Аустрия» (Аустрия) – «Зенит» (Ресей)

Ресейлік команданың келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі молдау. Сондықтан Лучано Спалетти алаңға таңдаулыларын шығарады. Футбол мамандары да плей-оффқа «Зениттің» өтеріне сеніммен қарауда. Кездесуде 0:2 есебі тіркеледі деп күтеді.

«F» тобы

«Наполи» (Италия) – «Арсенал» (Англия)

Нағыз тартыс осы топта орын алуда. Қай команданың келесі кезеңге өтетіні бүгін шешіледі. Әзірге лондондық командада мүмкіндік молдау. Мамандар "Наполидің" аз есеппен жеңіске жету мүмкіндігін жоққа шығармайды. "Арсенал" сапы бұрынғы құраммен алаңға шығады. Санья ғана аздаған жарақатына байланысты ойынға шықпауы мүмкін.

Кездесу алдындағы командалар құрамы:

"Наполи": Рейна, Армеро, Альбиоль, Фернандес, Джемаили, Маджо, Инлер, Пандев, Кальехон, Инсинье, Игуаин.

"Арсенал": Щесны, Дженкинсон, Мертесакер, Косьельни, Гиббс, Артета, Езил, Санти Касорла, Уилшир, Рэмси, Жиру.

«Марсель» (Франция) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия)

Бұл ойынға "Боруссия" біршама жаңарған құраммен шықпақ. Негізгі ойыншылардың жарақатына байланысты Юрген Клопп қосалқы құрамда отырған орындаушыларға сенім артуда. «Марсельдің» оңай шағылар жаңғақ емесін ескере отырып, көпшілік мамандар бұл кездесу дортмундық клубқа ауыр соғады дейді.

Кездесу алдындағы командалар құрамы: 

"Марсель": Манданда, Фанни, Лукас Мендес, Диавара, Менди, Товен, Имбула, Хелифа, Шейру, Д.Айю, Жиньяк.

"Боруссия": Вайденфеллер, Пищек, Папастопулос, Гросскройц, Дурм, Кель, Блащиковски, Обамеянг, Ройс, Мхитарян, Левандовски.

«Е» тобы

«Шальке» (Германия) – «Базель» (Швейцария)

Қыс мықтының арасындағы ойын тартысқа толы болмақ. «Шальке» өз алаңында ойнайтындықтан, "Базельден" басым түсуі мүмкін. Алайда, швейцариялық клубтың кейде тосыннан жаңалық жасап, айды аспаннан шығарып жататын сәттері кездеседі. Дегенмен, "Шалькенің" басымдылығы көп болмаса да көзге көрініп тұр. 

Кездесу алдындағы командалар құрамы: 

"Шальке": Хильдебранд, Утида, Хеведес, Фелипе Сантана, Фухс, Матип, Фарфан, Нойштедтер, Дракслер, Боатенг, Салаи.

"Базель": Зоммер, Ф.Деген, Возер, Иванов, Шер, Джака, Штокер, Фрай, Салах, Эль-Ненни, Штреллер.

«Челси» (Англия) – «Стяуа» (Румыния) 

Ел біріншілігінде "Стоукке" есе жіберген «Челси» командасы бүгін жанкүйерлер алдында намысқа тырысатын болады. Өз алаңында өтетін ойында ірі есеп күтілуде. "Ақсүйектердің" пайдасына. «Стяуа» да оңайлықпен есе жібермей, өз мүмкіндіктерін қарымта шабуылдан іздеп көрер. Бір айта кетерлігі, соңғы уақытта "ақсүйектердің" сүлесоқ ойын өткізіп жүргенін ескерсек, кез келген тұста күтпеген жаңалық орын алуы мүмкін. 

Кездесу алдындағы командалар құрамы: 

"Челси": Чех, Аспиликуэта, Иванович, Кэйхилл, Коул, Лэмпард, Рамирес, Азар, Оскар, Шюррле, Ба.

"Стяуа": Тэтэрушану, Шукала, Пярвулеску, Варела, Гардош, Препелицэ, Кипчиу, Тэнасе Боурчану, Станчу, Пьоваккари.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: acmilanfan.ru; ua-football.com; piter.tv; football.sport-express.ru; sports.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама