Чемпиондар лигасы. «Реал» мен «Манчестер Сити» - жартылай финалда
Мадридте өткен ойында «Реал» Германияның «Вольфсбург» клубын 3:0 есебімен ұтты. Үш голды да португалдық сұрмерген Криштиану Роналду соқты. Нәтижесінде қос ойын қорытындысы бойынша «корольдік клуб» жартылай финалға өтті.
Манчестерде өткен ойында Париждің «ПСЖ» клубы жеңіліс тапты. «Манчестер Ситиге» жеңіс сыйлаған голды Кевин де Брейне соқты. Парижде өткен бірінші ойында 2:2 есебі тіркелген болатын. Ағылшындық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Ал «ПСЖ» төртінші маусым қатарынан ширек финалдан аса алмай келеді.
Айта кетейік, бүгін түнде жартылай финалға шыққан тағы екі клуб белгілі болады. Мадридте «Атлетико» мен каталондық «Барселона» ойнаса, Лиссабонда жергілікті «Бенфика» мен мюнхендік «Бавария» ойнайды.