Чемпиондар лигасы: не бел кетеді, не белбеу кетеді

О Сансызбай Корреспондент

Chelsea vs PSG

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының тартысты кездесулерінің бірі бүгін түнде Лондонда өтеді. Өткен маусымда да «Челси» мен «ПСЖ» дәл осылай жолдаманы таласқа салған болатын. Ол кезде де шешуші ойын «Стэмфорд Бриджде» өткен-ді. Биыл париждік клуб сол есесін қайтаруға асығуда.

Екі клуб арасында келесі кезеңге өтуге «ақсүйектердің» мүмкіндігі жоғары. Себебі, сырт алаңда гол соқты. Шешуші ойын өз алаңында өткелі жатыр. Ал «ПСЖ» гол соғуға асығары анық. Бірақ, мұндай жоғарғы дәрежелі кездесудің тағдырын кейде төрешілер қателесіп кері бұрып жіберуі бек мүмкін. Яғни, ойламаған жерден екі клубтың да жеңіске жетуге қауқары жетеді.

Жозе Моуриньо, «Челси» клубының бас бапкері:

- Бізге тәжірибе көмектеседі деп ойлаймын. Бұл бір ғана ойын, сондықтан біз сабырлы түрде ойнайтын боламыз. «Парк де Пренсте» жанкүйерлер «ПСЖ»-ны қолдаса, бүгін алаңдағы жанкүйерлер бізді қолдайтын болады.

Лоран Блан, «ПСЖ» клубының бас бапкері:

- Бізде ешқандай таңдау жоқ. Бірінші ойындағы нәтиже көңіл көншітпейді. Сондықтан да біз төреші ысқырығы шалынысымен шабуылға бас қоюға тиіспіз.

Кездесуге шығуы мүмкін құрам

Сонымен бүгін түнгі 01:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «Челси» жеңісіне – 2,1 коэффициент, тең ойынға - 3,37 коэффициент, «ПСЖ» жеңісіне – 3.73 коэффициент беріп отыр.

Жанкүйер қауым асыға күткен кездесуді «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар. Ойынға нидерланд төрешісі Бьорн Кейперс қазылық жасайды.  

Bayern vs Shakhtar Donetsk

Украиналық клуб ширек финалға шығар болса бұл маусымдағы нағыз рекорд болары сөзсіз. Себебі, өз алаңында тең нәтиже қол жеткізген донецкілік «Шахтердың» ойыншылары психологиялық тұрғыдан сырт алаңда гол соғуға үлкен дайындықпен келуде. Мұны клубтың бас бапкері Мирча Луческу да мәлімдеп отыр.

Соңғы жылдары «Бавария» Чемпиондар лигасында бірде керемет, бірде сәтсіз өнер көрсетіп жүргенмен, Еуропаның басты додасының аутсайдерлері қатарына іліккен жоқ. Сондықтан бүгін өтетін ойында да Хосеп Гвардиола шәкірттері фаворит. Бірақ, «Шахтердың» да өз ойын жүйесі бар. Екі апта бұрын «Бавариядан» қалай қорғанудың жолын тапқан болатын.

Хосеп Гвардиола, «Бавария» клубының бас бапкері:

- Егер «Шахтер» бундеслигада ойнайтын болса, чемпиондыққа үміткер бірден-бір ұжымдардың бірі болар еді. Қарымта шабуылда керемет өнер көрсетеді. Сондықтан да бірінші ойындағы нәтижеге көңіліміз толады.

Мирча Луческу, «Шахтер» клубының бас бапкері:

- «Баварияда» жоғарғы деңгейлі ойыншылар көп. Бірақ, футболда ақылдың рөл ойнайтыны анық. Алаңда бәрі де болуы мүмкін. Оның үстіне Украинада қазір жағдай нашар күйде. Сондықтан да біздің жігіттер намысқа тырысып, халықтың қайғысына аз да болса қуаныш сыйлағысы келеді.

Донецкілік «Шахтер» осыған дейін неміс футбол клубтарына қарсы 7 кездесу өткізген екен. Оның 4-еуінде жеңілсе, 3-еуін тең аяқтаған. Яғни, жеңіп көрмеген. Ал «Бавария» болса украиналық клубтарға 11 ойын өткізген. Оның 10-ында киевтік «Динамомен» жолыққан.

Кездесуге шығуы мүмкін құрам

Бүгін түнгі 01:45-те басталатын кездесуге шотландиялық төреші Уильям Колам қазылық жасайды. Екі клуб арасындағы бірінші кездесуде 0:0 есебі тіркелген болатын.

Сурет: eurosport.ru, AFP

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)

Чемпиондар лигасы. «Бавария» - жеңеді, «ПСЖ» - жеңілмейді

Чемпиондар лигасы. Роналду Мессиден озды

Чемпиондар лигасы. Хави мен Тотти рекорд жаңартты

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама