Чемпиондар лигасы. Көп пас берген, көп жүгірген және басты жұлдыз атанғандар...
Жиырма сегіз жастағы португалдық 5 ойында 9 гол соғып, турнирдегі нәтижелілігімен рекорд орнатуда. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі, 62.3 пайызы өз дауыстарын мадридтік "Реалдың" жұлдызына беріпті.
16.9 пайызбен екіншін орында швед шабуылшысы Златан Ибрагимович тұр. Француздың "ПСЖ" сапында өнер көрсететін ойыншы топтық кездесулерде 8 гол соққан. Үшінші орында - лондондық «Арсеналдың» валиялық жартылай қорғаушысы Аарон Рэмзи (7.6 пайыз).
Топтық кездесулердің қорытындысы бойынша:
Португалдық "Бенфиканың" жартылай қорғаушысы Неманья Матич ең көп жүгірген ойыншы - 78.9 шақырым.
Питерлік "Зениттің" бразилиялық шабуылшысы Халк қақпаға ең көп соққы бағыттаған ойыншы - 39 соққының 23-і қақпаға дарыған.
Каталондық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Хави 92 пайыздық дәлдікпен 650 пас берген.
"Селтиктің" ойыншысы Георгиос Самарас ойын ережесін көп бұзған ойыншы атанды.
Туриндік «Ювентус» келесі кезеңге шыға алмай, шығынға ұшырапты. Мәліметтерге сүйенсек, туриндік клуб топтық кездесуден өте алмаған күні 30 миллион еуродан қағылған. Өткен маусымда кәрі құрлық додасында «Ювентус» еуропалық клубтар арасында орта табысқа кенелген екен - 65 миллион еуро.
Сол уақытта, «Галатасарайдан» жеңілістен соң клуб акциясы 7.5 пайызға төмендеп кеткені айтылады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gQCs0OJ9V-8#t","width":"450","height":"338"});
Соңғы турда «Барселона» өз алаңында шотландық «Селтикті» қабылдап, 6:1 есебімен ойсырата жеңген еді.
Бір айта кетерлігі, Кристиан Тельоның еншісіне жазыған "блаугрананың" алтыншы голы көп комбинациялы ойыннан соң жүзеге асқан. Дәл берілген 40 пастық комбинация Чемпиондар Лигасында рекордтық көрсеткіш болып танылды.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: sports.ru