Чемпиондар Лигасы. Қонақтар жолы болған күн

О Сансызбай Корреспондент

«Манчестер Сити» (Англия) - «Барселона» (Испания)


Каталондық команда ойынды өзінің «тики-такасымен» бастады. Десе де алғашқы қауіпті шабуылдар алаң иелерінің тарапынан болды. Негредо да бірнеше баспен бағыттайтын мүмкіндігі болған. Алайда пайдалана алмады. Доп ұстау басымдығы мен шабуылды үдете түскенімен «Барселона» алғашқы таймда есепті аша алмады.

Екінші таймды да Херардо Мартино командасы ширақ бастады. Ойын басталғаннан қорғанысты назарға алумен жүрген алаң иелері шабуылдауға асықпағандай сыңай танытумен болды. 53 минутта Мартин Демичелис Мессиге қарсы ойын ережесін бұзып, алаңнан қуылды. Және 11 метрлік айып добы белгіленді. Бір қарағанда айып алаңынан сырт сәтте ойын ережесі бұзылғандай көрінген.  Бірақ, бас қазы Йонас Эрикссон өз шешімін дұрыс деп тапты. Лионель Месси плей-офф кезеңінде 30-шы голын соғып, жаңа рекорд тіркеді. Осы гол соғылғаннан кейін швециялық төреші ойынды қолынан шығарып алды десек те болады. Ойын аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Дани Алвес есепті 2:0-ге жеткізді.

«Байер» (Германия) – «ПСЖ» (Франция)


Лоран Блан шәкірттері алғашқы кездесуде-ақ ¼ финалды шешіп тастады. 3 минутта-ақ жүйелі ұйымдастырылған шабуыл өз нәтижесін берді. Матюди есеп ашты. 39 минутта алаң иелері ойыншысы Спахич айып алаңында ереже бұзып, пенальти белгіленді. Златан Ибрагимович өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Араға 3 минут сала швециялық футболшы дубль авторы атанды. Екінші таймда Спахич екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Нәтижесінде алаңға жаңадан кірген Кабай төртінші допты алаң иелерінің қақпасында тулатты.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама