Чемпиондар лигасы. Кездесулер алдында...

О Сансызбай Корреспондент

«ПСЖ» (Франция) – «Челси» (Англия)


Екі клубтың жолында да осыған дейін азулы қарсыластар кездесе қойған жоқ. Париждік команданың топтық кезеңде «Олимпиакос», «Бенфика» және «Андерлехт» командаларынан мықты екендігі белгілі болатын. Оны Лоран Блан командасы дәлелдеді де. Ал 1/8 финалдағы «Байермен» өткен кездесу тағдырын алғашқы ойында-ақ шешіп тастады. Ендігі қарсылас – лондондық «Челси!

Ал «Челси» де топтық кезеңде аса азулы клубтармен жолдас бола қойған жоқ. «Базель», «Шальке» және «Стяуа» командаларынан үздік екенін дәлелдеді. Ал жартылай финалда «Галатасарайды» айналып өтті. Сырт алаңда тең ойнағанымен, «Стэмфорд Бриджде» басымдылығын мойындатты.

Сонымен бүгін екі клуб арасындағы тартыс қызықты өтері анық. Түнгі 00:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «ПСЖ» жеңісіне – 2,06 коэффициент, тең ойынға – 3,41  коэффициент, «Челси» жеңісіне – 3,7 коэффициент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 2:1 немесе 1:1 болады деп болжануда.

Кездесу алдындағы командалар құрамы: 

"ПСЖ": Сиригу, ван дер Вил, Тьяго Силва, Алекс Диас, Максвелл, Тиагу Мотта, Матюйди, Кабай, Лавесси, Ибрагимович, Кавани.
"Челси": Чех, Иванович, Г.Кэхилл, Терри, Аспиликуэта, Давид Луис, Матич, Оскар, Азар, Лэмпард, Торрес.

Кездесуді «КТК» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Ойын туралы өзге де шолуларды мына сілтемеден оқи отырыңыздар!

«Реал» (Испания) – «Боруссия д» (Германия)


Мадридтік клуб пен дортмундтық ұжымның Чемпиондар Лигасында екінші жыл қатарынан жолдары түйісіп отыр. 2012/2013 жылғы маусымда бір топта бақ сынаған болса, жартылай финалда «Боруссия д» «корольдік клубты» финалға жібермеген еді. Өз алаңында 4:1 есебімен жеңген болатын. Левандовскийдің покер жасаған кездесуін жанкүйер қауым әлі ұмыта қойған да жоқ шығар. Дегенмен бүгін поляк шабуылшысы ескертуіне байланысты ойынға қатыспайды.

1/8 финалда «Реал» қос кездесу қорытындысы бойынша гельзенкирхендік «Шалькені» оңай айналып өтті. Ал Юрген Клопп командасының бұл маусымда ойыны ала-құла жүруде. 1/8 финалда ресейлік «Зенитті» сырт алаңда жеңгенімен, өз алаңында жеңіліс тапты. Футбол мамандары мадридтік клуб өткен маусымдағы кеткен есесін қайтарады деп болжауда.

Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады. Кездесудің жазба нұсқасын 03:00-де «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru, footballtop.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама