Чемпиондар Лигасы. Қарымта кездесулер болжамы
«Реал» (Испания) – «Шальке» (Германия)
«Сантьяго Бернабеу» стадионында өтетін кездесудің фавориті де алаң иелері екені анық. Оны алғашқы кездесуден-ақ аңғаруға болады. Түзде 1:6 есебімен жеңіске жеткен «корольдік клуб» бүгін қандай доп айырмасымен басым түседі екен? Бұл жанкүйерлер көкейіндегі сұрақ. «Реал» өз алаңында неміс ұжымдарына көп есе жібере қоймаған. Тек екі рет мюнхендік «Бавария» ғана Мадридтен жеңіспен қайтқан.
Карло Анчелотти командасы қатарынан алғашқы минуттардан алаңға Хесе, Мората және Иско шығады. Роналду да бұл қатардан табылып отыр. Ал «Малагамен» өткен кездесуде аздап жарақат алған Карим Бензема ойынға шықпауы мүмкін. Ал гельзенкирхендік ұжым құрамынан кездесуге жарақатына байланысты Кристиан Фукс қатыспайды. Ол алғашқы кездесуде бір голдың соғылуына өз септігін тигізген болатын. Яғни, Класс-Ян Хунтеллардың басты көмекшілерінің бірі жоқ деген сөз. Сонымен қатар, Утида мен Фарфанның да алаңға шығуы екіталай.
Ойынға ресейлік қазы Сергей Карасев қазылық жасайды. Сонымен, бүгін түнгі 01:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «Реал» жеңісіне – 1,25 коэффициент, тең ойынға – 5,50 коэффициент, «Шальке» жеңісіне – 12,0 коэффициент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 3:0 немесе 3:1 нәтижесімен алаң иелері пайдасына шешіледі деген болжамдар жасалуда.
«Челси» (Англия) – «Галатасарай» (Түркия)
Алғашқы кездесудің нәтижесінен кейін лондондық команда екінші нөмірмен өнер көрсетуі әбден мүмкін. Десе де қонақтардың мүмкіндігі аздау. Қорғанысты басты назарда ұстап жүріп, қарымта шабуылда сан соқтыратын «ақсүйектер» түріктер үшін барынша қауіпті. Бірақ, Роберто Манчини командасының да сенер ойыншылары бар. Олардың бірі – Дидье Дрогба. Бұл футболшы «Челси» сапында спорттық мансабының жарқын жылдарын өткізді. Және «Стэнфорд Бриджде» гол соғудың нағыз майталманы болған.
Соңғы кездесулерінде екі ұжым да жеңіске жеткен жоқ. Жозе Моуринью командасы түзде «Астон Виллаға» есе жіберсе, «Галатасарай» да сырт алаңда «Карабюкспормен» тең ойнады.
"Челси" қақпашысы Петр Чех өз дайындығын пысықтап жатқан сәті
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/nzjJJ6XrDD8#t","width":"450","height":"338"});
Түнгі 01:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «Челси» жеңісіне – 1,38 коэффициент, тең ойынға – 4,81 коэффициент, «Галатасарай» жеңісіне – 8,38 коэффициент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 2:1 нәтижесімен алаң иелері пайдасына шешіледі деген болжамдар жасалуда.
Кездесу алдындағы командалар құрамы:
Челси: Чех — Иванович, Кэхилл, Терри, Аспиликуэта — Рамирес, Лэмпард — Виллиан, Оскар, Азар — Это`О.
Галатасарай: Муслера — Эбуэ, Хакан Балта, Шеджу, Алекс Телес — Куртулуш, Сельчук Инан, Фелипе Мело — Снайдер — Дрогба, Бурак Йылмаз.
Кездесуге неміс төрешісі Феликс Брих қазылық жасайды. Ойынды «КТК» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:vk.com, sports.ru.footballtop.ru