Чемпиондар лигасы. Бәрі Лондонда шешіледі

О Сансызбай Корреспондент

Бүгін жанкүйер қауым испандық пен ағылшындық ұжымдардан тартысты әрі қызықты ойын өрнегін күткен-ді. Алайда футболсүйер қауым үміті ақталмады. «Висенте Кальдерон» стадионындағы ойында есеп ашылмады. Есеп ашуға шақ қалған сәттердің өзі бола қойған жоқ. Ойын жүйесін басты назарда ұстап, әр адымын аңдап басқан футболшылар қателік жібермеуге тырысты. Тәуекелге бел байлауға асықпады. Жалпы бірқалыпты өрбіген ойын Мадридте нағыз футбол думанын жасай алмады. Тек шешуші ойынға қатыспайтын футболшылардың тағдырын ғана шешті. Петр Чехтың жарақат алуы – «ақсүйектерге» ауыр болары анық. Әзірге қақпашының қанша уақытта алаңға қайта оралары белгісіз. Алаңға кірген Марк Щварцер Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнаған ең жасы үлкен футболшы болып аталды. Сонымен қатар, Джон Терри де жарақат алды. Ол да келесі кездесуді өткізіп алуы әбден мүмкін. Ал Фрэнк Лэмпард пен Гави сары қағаздарына байланысты шешуші ойынға қатыспайтын болды. Өз кезегінде, Жозе Моуринью әр түрлі командамен сегізінші рет Еуропаның ірі додасының жартылай финалында бақ сынап, рекорд орнатты. 

Қарымта кездесу 30 сәуір күні өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама