Чемпиондар лигасы. «Арсенал» мен «Атлетико» - фаворит

О Сансызбай Корреспондент

«Arsenal» vs «Monaco»

Лондонда өтетін ойында алаң иелері фаворит екені сөзсіз. Соңғы ойындарында Арсен Венгер «Арсеналының» ойыны сәтті өтуде. Команда жеңіс үшін бар күштерін салуда. Команда сапына қосылған Месут Озил да өз септігін тигізуде. Ал «Монаконың» ойыны - тек қорғаныс. Қорғануды ғана басты назарда ұстайтын ұжым. Сәті түссе ғана шабуылға шығады. Бұл француздық клубтың өзіндік ойын жүйесі. Осы арқылы топтық кезеңнен шықты.

Француз командасы бүгін ойын жүйесін өзгертіп шығады деп айту қиын. Одан өзге, Раджи, Карвалью мен Бакайоко жарақат алса, Тулалан ойыннан шеттетілуіне байланысты кездесуге шықпайды. «Монаконың» бүгінгі мақсаты – гол өткізбей қорғану. Бірақ, «канонирлер» шабуылшылары ширақ екені мәлім. Алаң иелері жанкүйерлері де «Монако» қарсылас атанғанда бір қуанған еді. Себебі, соңғы екі маусымда Арсен Венгер шәкірттері мюнхендік «Бавариямен» жолығып 1/8 финалдан аса алмаған болатын.

Сонымен бүгін түнгі 01:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «Арсенал» жеңісіне – 1,51 коэффициент, тең ойынға – 4,28 коэффициент, «Монако» жеңісіне –7,5 коэффициент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 1:0 немесе 2:0 болып аяқталуы мүмкін деген болжамдар жасалуда.

Жанкүйер қауым асыға күткен кездесуді «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар. Ойынға неміс төрешісі Дениз Айтекин қазылық жасайды. Жалпы мәлімет бойынша әр ойында 4 сары қағаздан кем көрсетпейді екен.

«Bayer» vs «Atletico»

Леверкузенде өтетін ойында қонақтар – фаворит. Неге десеңіз, «Байердың» соңғы ойындарында қорғанысы сыр беріп жүр. Ал «Атлетиконың» негізгі құрамы толықтай ойынға дайын. Жарақат алған, ойыннан шеттетілген футболшылар жоқ. Бір сөзбен айтқанда, Диего Симоене шәкірттері шашасына шаң жұқтырмай келеді.

Неміс ұжымы дәл қазіргі уақытта бабында деп айтуға келмейді. Біріншіден, клубта жарақат алған және тәртібіне байланысты жазаланған ойыншылар көп. Крузе жақында ғана жарақат алса, Едвай мен Бендер жарақаттарынан толық айыққан жоқ. Ал Топрак болса ойыннан шеттетілген. Сондықтан бүгін «Байер» Пападопулос, Рольфес сынды қосалқы құрамдағы ойыншыларды алаңға шығаратын болады.

Бұл ойында қонақтар жеңіске бір табан жақын деп болжануда. Букмекерлік орталықтар «Байер» жеңісіне – 3,16 коэффициент, тең ойынға – 3,18 коэффициент, «Атлетико» жеңісіне – 2,5 коэффициент беріп отыр. Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 01:45-те басталады.

Сурет: donbalon.ru

Оқи отырыңыз

Чемпиондар лигасы. Месси Англияда пенальти орындай алмады (видео)

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)

Чемпиондар лигасы. «Бавария» - жеңеді, «ПСЖ» - жеңілмейді

Чемпиондар лигасы. Роналду Мессиден озды

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама