Чемпион атана алмаған Англия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
«102 ойыннан және сегіз жылдық жұмысынан соң Гарет Саутгейт бас бапкерліктен кететінін мәлімдеді», — делінген ұйымның X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Гарет Саутгейт қызметінен кету жайлы шешімді өз еркімен қабылдаған. Ол ағылшындармен қатарынан екі рет Еуропа чемпионатының финалына шықты. Алайда финалдағы екі ойында да қарсыластарына есе жіберді.