«Челси» ойыншысы әскерден босатылды

О Сансызбай Корреспондент

Осыған дейін футболшыны әскер қатарына шақырып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ел премьер-министрі Ибрагим Махляб халқының атын шығарып жүрген футболшыға қамқорлық жасап, әскерден босатылуына жағдай жасапты. Нәтижесінде өткен маусымда ғана «ақсүйектер» қатарын толықтырған футболшы командасымен Австриядағы оқу-жаттығу жиынына аттанатын болды.

Тағы бір ескере кететіні, Египет әскері күші мен сыртта өнер көрсететін футболшылар арасында мұндай түсінбеушіліктер жиі орын алып тұрады. Дәл осындай жағдай 2010 жылы орын алыпты, елдің әскери мекемесі дортмундық "Боруссияның" бұрынғы шабуылшысы Мұхаммед Зиданды өз борышын өтеуге әскерге шақыртқан көрінеді. "Ең қызығы сол", борыш өтеумен кеткен бір жылдан соң футболшының мансап жолы ақсап, содан кейін жолы болмаған футболшы ақыры телекомментаторлық жұмысқа ден қойған екен.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kicksocca.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама