"Челси" Еуропа лигасы рекордын жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ segodnia.ua

Ағылшындық клуб түнде өткен жартылай финалдағы бірінші ойында Франкфурттың "Айнтрахт" клубымен кездесті. Сырт алаңдағы ойында 1:1 есебімен тең түсіп, жеңілмей келе жатқан ойындар санын арттырды. Арттырып қана қоймай, Еуропа лигасы рекордын жаңартты.


Осыған дейін бұл рекорд Мадридтің "Атлетико" командасына тиесілі болып келген еді. Испандық ұжым 2011/2012 жылғы маусымда 15 ойын қатарынан ұтылмаған.

Түнде өткен 1/2 финалдағы екінші ойында "Арсенал" (Англия) "Валенсияны" (Испания) 3:1 есебімен ұтты. Командалар арасындағы қарымта ойындар 10 мамыр күні өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама