"Челси" – "Атлетико" кездесуі алдында
Қос ұжым бірінші кездесуде көрермен қызығарлық ойын көрсете алмаған болатын, бірақ бүгін жалықтыратын ойын өрнегі орын алмасы анық. Ағылшын біріншілігінде Жозе Моуринью бар басымдылықты Чемпиондар Лигасына сақтау арқылы, қосалқы құрам ойыншыларын шығарған еді. Ал "Атлетикоға" келер болсақ, Диегоның тәлімгерлері "Валенсияға" қарсы ойын өткізіп, аз есеппен жеңіске жеткен-ді.
Жозе Моуринью, «Челсидің» бас бапкері:
- «Атлетико» – жақсы команда. Ол тек қарымта шабуылда іс-қимыл жасап қоймай, сонымен бірге, жақсы қорғанып, көп гол соға алады. Әр жолы жеңіске жетуде! "Атлетико" Чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жете алды және испан примерасының тәжіне екі қадым жақын тұр. Ал бүгін жолдама үшін маңызды ойын, барлығын ұсақ-түйек нәрселер шешеді. Жалғыз гол бәрін шешуі мүмкін. Сондықтан, бұл ойында әрбір ойыншы өзін барынша жақсы жағынан көрсетуі керек. 90 минут бойы ойыншылар алаң шетіндегі бапкерлерден елеулі болады. Мен оларға сенемін, бұл өз кезегінде менің салқынқанды болуыма жол ашады", - дейді Жозе.
Диего Симеоне, «Атлетиконың» бас бапкері:
- "Мен әрбір матчты жекелей алып қарауға тырысамын және алыс қиянға көз тастамауға ұмтыламын. Ары қарай жылжып, осымен тоқталып қалмауымызды тілеймін. Журналистер одан да осы үш жылда біздің қалай өсіп-өркендегенімізді талқыласын. Мен "Атлетиконы" осыдан екі жыл бұрын жеңіске жеткен "Челсимен" салыстыра алмаймын. Не десек те, шын мықты жеңеді. Еңбекқорлық пен ыждағаттылықтың арқасында біздер жақсы ойын көрсетіп, керекті нәтижеге қол жеткізе аламыз деген сенімдеміз", - дейді Диего.
– Егер бірінші матчта командалар 0:0 есебімен ойнаса, онда қарымта ойында үй иелері ары қарай 33 пайыз жағдайда өтпек. Қонақтар - 67 пайыз.
– «Челси» өз үйінде испандық командаға 15 ойынның біреуінде ғана жеңілген - 4 тең есеп пен 10 жеңіс.
– «Атлетико» Англияда бір-ақ мәрте жеңіске жеткен екен (4 тең есеп және 4 жеңіліс).
– Жозе Моуринью Чемпиондар Лигасының финалына әр түрлі үш ұжыммен шығатын бірінші бапкер атанбақ.
– Жозе Моуринью Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық бөлігінен 5 рет ұшқан.
– Жозе Моуринью «Атлетикоға» қарсы 10 ойынның 8-інде жеңіске жеткен.
– «Атлетико» Чемпиондар Лигасының 11 ойынында қатарынан жеңіске жету арқылы, өз ішінде клуб рекордын орнатып отыр.
– Давид Вилья – «Атлетико» сапында Чемпиондар Лигасының финалында тәжірибеге молыққан жалғыз ойыншы саналады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.ru