Дания ұлттық құрамасы мен "Барселона" командасының қорғаушысы Андреас Кристенсен ерекше жетістікке жетті. Ол Словенияға қарсы өткен ойында командаластарына бүкіл пасын дәл шығарған.
БӨЛІСУ
Андреас 89 рет пас берген, барлығы да тура иесін тапқан. Осылайша Еуропа чемпионатында 100 пайыздық көрсеткіш рекордын тіркеді.
Дания құрамасы келесі ойынын 20 маусым күні Англияға қарсы өткізсе, Словения Сербиямен ойнайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!