Бундеслига – ең көп гол соғатын біріншілік

Ла Лига Корреспондент

Соңғы турдың қорытындысы бойынша неміс клубтары орта есепте бір ойында 3,26 голдан соғып отырған. Бұл көрсеткіш бойынша, аталған біріншіліктерден оқ бойы алда келеді. 

Бундеслигада командалар ішінде көп гол соғуда дортмундық «Боруссия» айрықшаланып түр. Еншісінде 16 гол бар екен. Ал леверкузендік «Байер», менхенгладбахтық «Боруссия» мен «Хоффенхайм» командаларына 15 голдан тиесілі. «Бавария» болса 13 голмен келе жатыр. 

Бір айта кетерлігі, бес біріншіліктің командалары ішінде испандық «Барселона» ең көп гол соққан ұжым саналады. Каталондық футболшылар 5-турда 18 рет көзге түсе алыпты.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: sport.news.am

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама