Букмекерлік кеңселер: "Геннадий Головкин - айқын фаворит"

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Аталған жекпе-жекке орай, букмекерлік кеңселер де боксшыларға өз коэффициенттерін «үлестіріпті». Ол бойынша, кездесудің айқын фавориті ретінде Головкин саналып отыр. Оның жеңісіне бар-жоғы 1,07 коэффициент берілсе, «Гил басым түседі» деген оқиғаға 10 коэффициент тігіліп отыр. Ал жекпе-жек тең аяқталып жатса, бастапқы қойған сомаңыз 50 есе көбейеді. Бокста тең нәтиженің тіркелуі некен-саяқ кездесетінін ескерсек, мұндай жоғары коэффициенттің қойылуы кездейсоқ емес екенін аңғаруға болады. 

Айта кету керек, 32 жастағы Геннадий Головкин қазіргі кезде Калифорния штатындағы Big Bear атты жаттығу лагерінде қызу дайындық жүргізуде.  

Әлем чемпионы Геннадий (GGG) Головкин мен оның атақтарына үміткер Дэниэл Гил арасындағы кездесуді АҚШ-тың HBO телеарнасы төрткүл дүниеге тікелей эфирде таратады. Ал еліміздің бокссүйер көрермендеріне отандасымыздың өнерін KazSport арнасы көрсететін болады. Гена үшін алдағы жекпе-жегі спорттық мансабы жолындағы 30-шысы саналса, ал ол оған дейінгі 29 кездесуінің барлығын да жеңіспен аяқтады. Оның 26-сын нокаутпен ұтты. Сондай-ақ ол WBA чемпиондық алтын белбеуін осымен 11-ші мәрте қорғағалы отырғанын да айта кетейік. Ал Дэниэл Гил болса 26 шілде күні 33-ші жекпе-жегіне шығады. Оған дейін ол 30 рет жеңіске жетіп, тек 2 кездесуінде ғана жеңілген.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sportinfo.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама