Букмекерлер ЧЛ фавориттерін атады
Нақтырақ айтсақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі келесі жылы да «Бавария» жеңіске жетеді деген бәске 4,3 коэффициент берсе, «Барселонаға» 4,4 коэффициент бұйырыпты. Одан кейінгі орында 5,7 көрсеткішімен мадридтік «Реал» тұр. Лондондық «Челсиге» 9 коэффициент тисе, бір қаланың екі бірдей клубы «Мачестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» 10 коэффициенттен алған.
Сондай-ақ букмекерлер бұл жарыста қарағандылық «Шахтердің» алдағы қарсыласы шотландиялық «Селтикке» де коэффициент үлестіріпті. Десек те «кельттердің» мүмкіндігі өте аз. Олардың топ жаруына бақандай 350 коэффициент тағайындалған. Ал қарағандылық «Шахтер» клубының мүмкіндігі тіптен қарастырылмапты.
Естеріңізге салсақ, чемпиондар Лигасы плей-офф сындары аясындағы соңғы іріктеу кезеңінде «Шахтер» клубы «Селтикпен» 20-тамызда «Астана-Аренада» кездеседі. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталмақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: sport.obozrevatel.com