Букмекерлер "Алтын допты" Роналдуға берді

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Сонымен, әлемдегі ең беделді букмекерлік кеңселердің бірі SportingВet: «Роналду жүлдегер атанады» дегенге 1,01 коэффициент берсе, Лео Мессиге 19,00, ал Рибериге 21 коэффициент тиіп отыр. Ал BetCity түзген коэффициенттер өзгешелеу: 1,03 (Роналду), 10,00 (Месси) және 13,00 (Рибери).

Роналдудан бөлек, бұл жүлдеге мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушысы Франк Рибери (Франция) мен «Алтын допты» төрт мәрте қанжығасына байлап үлгерген «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси (Аргентина) үмітті.

Айта кетейік, аталған жүлдеге кімнің ие болғанын бүгін, 13 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 23:30-да басталатын салтанатты жиында біле аласыздар. Естеріңізге салсақ, осыған дейін Цюрихке ФИФА президентімен болған жанжалдан кейін Роналду келмейді деген ақпарат тараған еді. Алайда кейін екіжақ ортақ мәмілеге келіп, футболшы жүлде табыстау шарасына қатысуға келісімін берген.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: lora-leya.livejournal.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама