Бүкіл Испанияның басын қосқан достық
Икер Касильяс пен Хави бозбала кезден-ақ достасып, айырылмас серіктерге айналып кеткен. Иә, бір чемпионаттың көшбасшы қос командасында ойнайтын олар талай қиындықтар, сын-ауыртпалықтарға шыдас беріп келе жатыр. Мәселен, "Барселона" мен "Реалдың" арасындағы бәсекелестік, көпшіліктің ойынша баяғыда-ақ шегіне жетіп, екі досты екі жаққа бөлуі тиіс болатын. Алайда, уақыт көрсеткендей екі дос мәңгілікке бір-бірінен айырылмасқа бекінгендей.
"Икердің Хави үшін Моуринью екеуінің арасында біршама қиындықтары бар. Бәріміз білетіндей, өткен мезгілде бапкер мен қақпашы арасындағы қақтығыстар қоғамдық деңгейде өршіген тұғын. Бірақ, Хави мен Икер достық қарым-қатынасты үзгілері келмейді. Егер де ұлы болмаса, Касильяс пен Дель Боске де, жалпы Испания құрамасы үлкен жетістікерге жете алмас еді" - деп Goal.com сайты Хавидың әкесінің сөзін тілге тиек етуде.
"Эль Класико" уақытында ауыр сәттер бастан өткен-ді. Пенделік пиғылдан аса алмаған бірнеше ойыншылардың мінез көрсетуі - мәселен, Арбеола, Хаби Алонсо мен Серхио Рамос - тіпті де керек емес дүниелер еді. Бақытқа орай, Хави мен Икерді айналып өтті"- деп әкесі сөз соңында айта кетіпті.
Сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт