Бүгін Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ UWW

Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан отандасымыз финалға дейін 3 балуанды жеңіп шықты. Алғашқы белдесуінде Канада елінің балуанын 11:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп шықты. Ал ширек финалда Беларусь спортшысын да 10:0 есебімен жеңді. Ал финалға шығар сында ресейлік Шамил Гаджиалиевті 7:4 есебімен жарыс жолынан шығарды. 

Ризабек финалда ирандық балуан Махди Морахпен күреседі. Финалдық белдесу Қазақстандағы уақытпен сағат кешкі 20:00-де басталады. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан биыл 20 жасқа дейін жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ал өткен жылы ересектер арасында топ жарған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама