Бүгін қазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарсыластары анықталады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ uefa.com

Өткен жылы ел чемпионы атанған "Ордабасы" биыл Чемпиондар лигасында бақ сынайды. Шымкенттік командаға  "Лудогорец" (Болгария), "Стяуа" (Румыния), "Пюник" (Армения) және "Петрокуб" (Молдова) командаларының бірі қарсылас атанады. Чемпиондар лигасының жеребесі Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. 

Еуропа лигасында "Тобылдың" да қарсыласы анықталады. Бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлық клубқа "Эльфсборг" (Швеция), "Корвинул" (Румыния), "Ботев" (Болгария), "Зиря" (Азербайджан), "Ружомберок" (Словакия) және "Лапи" (Косово) командалары ықтимал қарсылас атанып отыр. Ал "Астана" командасы іріктеуді екінші кезеңнен бастайды. Жеребе 18:00-де өтеді. 

Конференция лигасына "Ақтөбе" қатысады. Оларға бірінші кезеңде "Динамо" Тбилиси (Грузия), "Партизани" (Албания), "Милсами" (Молдова), "Сараево" (Босния және Герцеговина) және "Урарту" (Армения) командаларының бірі қарсылас болады. Конференция лигасының жеребесі 19:00-ге жоспарланған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама