Бүгін футболдан ел премьер-лигасы басталады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Өткен маусымда ел чемпионы атанған «Астана» Шымкентте «Ордабасымен» ойнайды. Бұл ойында елордалық команда айқын фаворит саналып отыр. Ал тәжірибелі ойыншылардан жасақталған «Ордабасыны» осал санауға болмайды.

Алматының «Қайрат» футбол клубы өз алаңында «Ақтөбемен» кездеседі. 4 наурыз күні ел Суперкубогын жеңіп алған алматылық команда 3 ұпай үшін аянып қалмасы анық.

Қостанайдың «Тобыл» командасы өз алаңында «Атыраумен» ойнаса, қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда «Таразбен» кездеседі. Сондай-ақ бүгін «Ертіс» пен «Ақжайық», «Қайсар» мен «Оқжетпес» командалары ойнайды. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама