Бүгін ел клубтары Еуропа лигасын бастайды
Владимир Вайсс жаттықтыратын алматылық клуб ел премьер-лигасын сәтсіз бастағанмен, қазіргі таңда бар олқылығының орнын қайта толтырып алды десек болады. ХVII тур қорытындысы бойынша турнир кестесінің екінші сатысында келеді. Өз алаңында өнер көрсететін «Қайрат» бүгін барынша келесі кезең мәселесін шешуге тырысары анық. Алайда, «Кукеси» бас бапкері Агим Цанай да бүгін барынша қажетті нәтижені иемденіп қайтуға командасы құлықты екенін жеткізді. Букмекерлік орталықтар жерлестерімізді айқын фаворит санауда. «Қайрат» командасының жеңісіне – 1,56 коэфициент, тең ойынға – 4, қонақтар жеңісіне – 6,2 коэфициент ұсынуда. Сонымен қатар, «Шахтер» мен «Астана» да букмекерлік орталықтар көрсеткіші бойынша аздап басымдыққа ие болып тұр. Ел намысын қорғайтын командаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Үш кездесу де Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: ntv.ru