Бүгін Астанада қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункая арасында жекпе-жек өтеді. Шүменов пен Алтункая кездесуінде боксшылар бірінші ауыр салмақтың WBA тұрақты белбеуіне таласады. Бокс кеші Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Ал Шуменов-Алтунка жекпе-жегі 20:00-де болады. Елордадағы бокс кешін тікелей эфирде Qazsport және Қазақстан телеарналары көрсетеді. Бокс кешінде барлығы 11 жекпе-жек өтеді деп жоспарланып отыр. Жекпе-жектер 12 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін) Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО, Қазақстан) Хизни Алтункая (30-1, 17 КО, Түркия) WBA чемпиондық айқасы, 10 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі, (76,203 келіге дейін) Айдос Ербосынұлы (7-0, 6 КО, Казахстан) Исмат Эйнуллаев (13-3, 9 КО, Әзірбайжан) WBA Азия аймақтық белбеуі; 8 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі, (90,718 келіге дейін) Уәлихан Бисенқұлов (5-0, 5 КО, Қазақстан) Анар Абдуллаев (2-2, 2 КО, Әзірбайжан), 6 раунд, бірінші орта салмақ дәрежесі (69,85 келіге дейін) Бобиржан Моминов (6-0, 5 КО, Қазақстан) Георгий Блиадзе (7-6, 2 КО, Грузия) 6 раунд, Бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін) Али Балоев (4-0, 3 КО, Қазақстан) Казим Умудов (2-0, 1 КО, Әзірбайжан) 4 раунд, екінші аса жеңіл салмақ дәрежесі (55,225 келіге дейін) Айдын Елжанов (4-1, 3 КО, Қазақстан) Асқар Рагимов (2-1, 1 КО, Әзірбайжан) 4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін) Арман Рысбек (3-0, 2 КО, Қазақстан) Сандро Терашвили (4-1, 2 КО, Грузия) 4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін) Диас Тастеміров (2-0, 2 КО, Қазақстан) Элвин Ахунзада (4-0, 2 КО, Әзірбайжан) 4 раунд, бірінші ауыр салмақ дәрежесі (90,718 келіге дейін) Еділ Қожамбердиев (3-2, 3 КО, Қазақстан) Сергей Белошапкин (11-27-1, 3 КО, Ресей) 4 раунд, екінші орта салмақ дәрежесі (76,203 келіге дейін) Ибрагим Ескендіров (3-0, 3 КО, Қазақстан) Серік Ажибаев (0-1, Ресей) 4 раунд, екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесі (58,967 келіге дейін) Міржан Рахымжанов (дебют) Александр Салтыков (11-48-3, 6 КО, Ресей)