Бірінші раундтағы нокаут! Қазақстан АЧ-дегі 11 жекпе-жекте жеңіске жетті
Жарыстың екінші күні рингке алты қазақстандық боксшы шығып, барлығы жеңіске жетті.
- Ернар Қарап (48 кг) иорданиялық Махер әл-Машалехті төрешілер шешімімен жеңді;
- Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) Шығыс Тимордан келген Деонисио Дови Монтерио Рамостан төрешілер шешімімен басым түсті;
- Ерболат Сабыр (57 кг) төрешілер шешімі бойынша қырғызстандық Ислам Торобаевтан үстем болды;
- Ерасыл Танқай (63,5 кг) да қырғызстандық Аскатбек Чомоновты жеңді;
- Елнұр Сүйінбай (67 кг) бірінші раундта иорданиялық Омар әл-Хадидиді техникалық нокаутпен жеңді;
- Сабыржан Аққалыков (71 кг) төрешілердің бөлек шешімімен қырғызстандық Эльдар Турдубаевтан басым болды.
Турнирдің бірінші күні бес қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын. Ал бұл жарыс 10 мамырға дейін жалғасады.