Бразилиялықтарға не жетпеді?
Қонақтар ойыншысынан мұндай жойқын соққыны күтпеген Мотта қарсыласынан есе қайтаруға ұмтылған. Қашып үлгерген Брандао екі жақ ойыншыларының араласуымен төбелесті қайта жалғастырмаған. Ал соққы алған «ПСЖ» ойыншысының мұрны сынған. Алдағы бірнеше кездесуге қатыспайды деп күтілуде. Ал Брандаоның күтіп алып ұратындай Тиаго Мотта оған не жасады екен?
Шуға ұласқан жағдаймен Франция футбол лигасының тәртіптік-бақылау комитеті айналысуда. Егер толықтай Брандаоның кінәлі екені дәлелденер болса, екі жыл көлемінде футболдан шеттетілуі мүмкін. Сонымен қатар, футболшының командасы «Бастия» да 34 жастағы бразилиялық ойыншымен келісімшартын бұзуға әзір екенін мәлімдеуде. Ал «ПСЖ» президенті Насер Аль-Хелаифи болса, шабуылшыны өмір бойына спорттан аластатуды алға тартуда. Брандаоның өзі болса, футбол ойынына жат қылығы үшін толықтай жауап берген жоқ. Тек оның командаласы Жюлиан Палмьери ғана Тиаго Моттаның «Бастия» ойыншыларын «иттің балалары» деп бірнеше рет айтқаны туралы сұқбат берді.
Бұл кездесуде «ПСЖ» жалғыз Тиаго Моттадан ғана емес, Златан Ибрагимович пен Грегори ван дер Вилден де уақытша айырылып отыр. Соңғысының да жарақат алуына Брандао себепкер болған. Тәртіптік-бақылау комитеті өз шешімін шығарғаннан кейін, бразилиялық шабуылшының ісі сотқа өтпек. Егер футболшы қылығы үшін кешірім алмаса, екі жыл бас бостандығынан да айырылуы мүмкін.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/bLmH5JVOjC4","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:sport.segodnya.ua