Бір қазақты жеңген спортшы енді екіншісін жекпе-жекке шақырды
Америкалық спортшы үш спортшы қатарына қазақстандық Асу Алмабаевты (21-2) да қосқан. Ол бұл сөзін Х желісіндегі парақшасында келесі қарсыласы жайлы сұраған оқырманына жауап ретінде айтты.
"Асу Алмабаев, Алекс Перес, Стив Эрцег немесе кез келген топ-10-дыққа кіретін файтер", - дейді спортшы.
Айта кетейік, биыл ақпанда Чарльз Джонсон қазақстандық тағы бір спортшы Азат Мақсұмды (15-1) төрешілер шешімімен жеңіп кеткен болатын.