«Боруссия Д» Германия Суперкубогын иеленді

О Сансызбай Корреспондент

«Сигнал Идуна Паркте» мюнхендік ұжымның ойыны жүрмеді. Алғашқы минуттардан-ақ «Боруссия» қарсыластарына басымдығын танытумен болды. «Бавария» бапкері бүгінгі ойында жастарға мүмкіндік берді. Арьен Роббен, Франк Рибери мен Бастиан Швайнштайгер кездесуге қатыспады. Марио Гетце мен Роберт Левандовски бұрынғы клубтарына қарсы сәтті ойнай алмады. Ал Данте мен Мюллер әлем чемпионатынан кейін әлі де толық бабына келмегенін байқатты. Есесіне дортмундтық ұжым қарсыластарға қалай қысым жасаудың тамаша жүйесін таныта алды. Ойындағы есеп 23 минутта Гейнрих Мхитарянның жойқын соққысымен ашылды. Ал екінші таймда Пьер-Эмерик Обамеянг Мануэль Нойердің қақпасына екінші допты тоғытты. Нәтижесінде тики-такадан шаршаған Хосеп Гвардиоланың жаңа құрамы мен жаңа ойын жүйесі нәтиже бермеді. Ойында жарақат алған Хави Мартинес енді алты айға алаңға шықпауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы да дортмундтық «Боруссия» «Баварияны» жеңіп, маусымды сәтті бастаған болатын. Бүгінгі жеңісінен кейін клуб Германия Суперкубогын алтыншы рет иеленіп отыр.

Екінші голды "өрмекші адам" соқты

Хави Мартинес 6 ай алаңға шыға алмауы мүмкін

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама