"Боруссия Д" 11 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ bvb09

Парижде өткен қарымта ойында да дортмундтық команда жеңіске жетті. "Боруссияға" жеңіс сыйлаған голды 50-минутта Матс Хуммельс соқты. Ол бұрыштамадан асырылған допты баспен ұрып, Доннарума қорғаған қақпаның торында тулатты. 

"Боруссия Д" бір апта бұрын өткен ойында да 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Финалға шыққан екінші команда ертең "Реал Мадрид" және "Бавария" кездесуінен кейін белгілі болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама