Бьорндален спорттық мансабын жалғастыратын болды
Норвегиялық биатлоншы Сочиде 40 жасында қысқы Олимпиада ойындарының 8 дүркін чемпионы болды. Ол 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен додада аталған спорт түрінен 4 медальдар жиынтығының алтынын иеленіп, абсолютті чемпион атанған-ды. Одан кейінгі жарыстарда да жүрісінен жаңыла қойған жоқ. Ал Сочидегі 2 алтын медалі Бьорн Дели бағындырған биікті басып озуына септігін тигізді. Яғни, қысқы Олимпиада ойындарындағы ең табысты спортшы.
Спортшы бүгін facebook-тегі жеке парақшасында: «Мен және менің ұжымым әлі де үлкен спортта екі өнер көрсетуге шешім қабылдадық. 2016 жылғы өз елімізде өтетін Әлем чемпионатында бақ сынаймын», - деді.
Естеріңізге сала кетсек, Норвегия Парлимпиада құрамасы Сочиге жол тартпауы мүмкін. Өйткені ел спортының тізгінін ұстап отырған басшылар Қырымдағы саяси ахуалға байланысты спортшыларының өміріне алаңдайтын көрінеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: ngs93.ru